Магистратура

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

     Университетімізде 2008-2009 оқу жылынан бастап магистратура бөлімі ашылды. Осы бөлім алғашқы жылы 2 мамандық бойынша магистрант қабылдаған (Аударма ісі, Тарих). Магистратура жоспары ҚР Білім және Ғылым заңдары бойынша талапкер қабылдауда. Шет тілін табысты өткізген талапкерлер, мамандық емтиханында да табысты болса, магистратураға қабылдана алады. Магистратура жоспары екі жылдық уақытта іске асырылады. 2015 жылдан бастап магистратура бөлімін профессор Ұлан Қадырбекұлы басқарады. Магистратура жоспарына ҚР азаматтарымен қатар шетелдіктер де қабылданады. Магистратура бөлімі Білім және Ғылым министрлігі бекіткен мемлекеттік стандартқа сай жұмыс атқарады. Қазіргі кезде Магистратура бөлімінде 2014-2015 оқу жылында 6М020700 «Аударма ісі», 6М011900- «Шет тілі: екі шет тілі», 6М020300- «Тарих» және 6М020600 - «Дінтану» мамандықтары бойынша магистранттар оқиды. Биылғы оқу жылында магистранттар саны 215. Магистратурада дәріс оқитын оқытушы-профессорлар құрамы еліміздің ғылым ордасындағы танымал ғалымдар. Магистранттарға ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар мен доценттер дәріс береді. Мәселен, доктор, профессор Сабри Хизметли, доктор PhD Х.Екхлеф, филос.ғ.д. Затов К., филос.ғ.д. Бейсенов Б., филол.ғ.д. Мирзоева Л.Ю., п.ғ.к. Дабылтаева Р.Е., п.ғ.к. Куратова О.А., п.ғ.к. Шаяхметова Д.Б. т.б.

Магистранттар барлық мамандықтар бойынша шетелдік ғылыми стажировкадан өтеді. Мәселен, 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамызында бекітілген № 1080 «Жоғары оқу орнынан кейінгі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» қаулысының 82 тармағына сәйкес және магистранттардың жеке оқу жоспарларын орындау мақсатында 6М011900 «Шет тілі: екі шет тілі», 6М020300 «Тарих», 6М020600 «Дінтану», 6М020700 «Аударма ісі»мамандықтарының ғылыми және педагогикалық бағытындағы 1,2- курс магистранттары наурыздың 9-ы мен 18-і аралығындаТүркия Республикасы «Стамбул 29 мамыр», «Мехмет Акиф Ерсой» университеттеріне және наурыздың 10-ы мен 19-ы аралығында Қырғызстан Республикасы «Қырғызстан-Түркия Манас», «Ош», «Қашқария атындағы Шығыс» университеттеріне шет елдік ғылыми стажировкадан өтуге жіберілді.

Университеттің магистратурасын бітірген мамандар ҚР әртүрлі аймақтарында өз мамандықтары бойынша табысты еңбек етіп жүр.

 

ҚҰРАМЫ

 БЕЙСЕНБЕКОВА ГҮЛНАЗ ТҰРЛЫБАЙҚЫЗЫ –Магистратура бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарушы

    Бейсенбекова Гүлназ Тұрлыбайқызы 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, Арқат ауылында дүниеге келген.

     1989-1994 жылдары Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтының қазақ филологиясы факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша  оқып бітірген. 1994-1996 жылдары Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтының тілдер кафедрасының оқытушысы, 1996 жылы «Семей» мемлекеттік университетінің практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеген.  1997-2000 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасының күндізгі бөлімін бітірген. 2001 жылы 14 наурызда «Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқылым әрекеті арқылы оқыту әдістемесі» атты тақырыпта  педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ф.Ш.Оразбаеваның жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғаған.   2001 жылдан 2009 жылдың қыркүйек айына дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының доценті,   2009-2012 жылдары мемлекеттік тіл кафедрасының доценті болып қызмет атқарған. 2001-2008 жылдары осы университеттегі филология, педагогика ғылым саласы бойынша докторлық,  кандидатық диссертация қорғалатын Д 14.09.04  кеңестің техникалық хатшысы;  2005-2008  жылдары осы кеңестің  ғалым хатшысы болып қоғамдық жұмыстар атқарған. 2012 жылдан 2014 жылға дейін  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Магистратура және PhD докторантура институты Филология мамандықтары кафедрасының меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2001 жылдан бері педагогика ғылымдарының кандидаты; доцент (2006ж). 2012 жылдан бері  Ресей жаратылыстану Академиясының профессоры. 2012 жылдан бері Ресей және ТМД елдерінің жетекші ғалымы ретінде интернет энциклопедиясына енген.

    Айналысатын ғылыми салалары:  Тілдік қатынас негіздері; Тіл білімінің философиялық мәселелері; Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Сөйлеу әрекетінің өзекті мәселелері, Тіл білімінің жаңа бағыттары,  Интерлингвистика теориясы,  Іскерлік қатынас, т.б.   Республикалық, университетішілік жобалардың, соның ішінде Еуропалық және Халықаралық стандарттарға (DALF/DELF, IETS, TOEFL және т.б.) негізделген қазақ тілін оқытуға арналған 6 деңгейлік оқу-әдістемелік кешен бойынша оқу кітаптарының авторы.

       130-дана аса ғылыми еңбектердің авторы. Ғылыми мақалалары еліміздің басылымдарында, сондай-ақ,  алыс және жақын шетелдерде, атап айтқанда, Ұлыбританияның (Лондон),  Болгарияның, Чехияның, Польшаның, Қытайдың, Түркияның, Мексиканың, Иранның, Ресейдің (Мәскеу) басылымдарында ғылыми мақалары жарық көрген.  

 

Кошербаева Куралай Еркинбековна – магистратура бөлімінің лаборанты

Кошербаева Куралай Еркинбековна 1981 жылы 2 маусымда ШҚО, Күршім ауданы, Қалғұты ауылында дүниеге келдім. 1987-1998 жж. Қаратоғай орта мектебінде оқыдым. 1998-2003 жж. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті Инженерлік-технологиялық факультеті, «Ет және ет өнімдері» мамандығы бойынша оқып шықтым. 2004-2007 жж. «Тұран» университетінде «Юриспруденция» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алдым. 2009-2011 жж. Алматы гуманитарлы-техникалық университетінде заң ғылымдары магистрі академиялық дәрежесі бойынша білім алдым.

2008-2013 жж. Алматы гуманитарлы-техникалық университетінде лаборант қызметін атқардым. 2010-2011 оқу жылында аталған университетте оқытушы болып қызмет еттім. 2014 ж. қаңтар айынан бүгінге дейін Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде магистратура бөлімі лаборанты қызметін атқарудамын.

 

Магистратура тарихы

Шет тілдер жіне іскерлік карьера  университетінің магистратурасы 2008-жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Ең алғашқы магистратура деканы филология ғылымдарының кандидаты  Қоңырова Ақбота Тұрағұлқызы.

Магистратура ашылғаннан бері алпысқа жуық магистранттар оқуын аяқтады. Олар республиканың жоғарғы оқу-орындарында жұмыс істеп қана қоймай, алдыңғы санаттағы бизнес-компанияларда, заң және газ-мұнай салаларында қызмет етуде.

2 магистрант шет елде ғылыми тәжірибеден өтті.

Магистратураның мақсаты

  • Жоғарғы білікті, бәсекеге қабілетті, ғылыми-педагогикалық және басқару кадрларын төрт мамандық бойынша дайындау;
  • Магистратура түлектерін тек теориялық біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, қосымша практикалық шеберлікті де меңгерту;
  • Университет әлемнің ең үздік білім ордаларымен қарым-қатынас жасау арқылы, магистранттардың әлемдегі ғылыми-ақпараттардан хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатын көздейді.

Жалпы міндеттері

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті ғылыми және творчестволық мекемелерге мамандар дайындап шығарады.

Ғылым магистрі – өте кең және терең дайындалған маман. Жан-жақты ойлай білетін, ғылыми зерттеулерді өздігінен жасай алатын және үнемі ізденіс үстінде жүретін магистрлер болып табылады.

Университет магистранттарды жалпыға ортақ стандарт бойынша ГОСО РК 5.04.033.-2011 дайындалады.