Проректорлар

     Ақтамбердиева Зауре Салкеевна

т.ғ.к., доцент

Оқу және оқу-әдістеме істері жөніндегі проректор

 

     Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры Ақтамбердиева Зәуре Сәлкейқызы 1963 жылы 30 қаңтарда Жамбыл облысы Мерке ауданы Мерке ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Гоголь атындағы орта мектепті бітірген. 1981 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің тарих факультетіне оқуға түсіп, 1986 жылы үздік аяқтаған. Осы жылы Орталық Мемлекеттік мұражайдың қымбат металдар секторына кіші ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеді.

  1993 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ ұлттық Аграрлық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы. Қазақстан тарихы, мәдениеттану және әлеуметтану пәндерінен дәріс жүргізіп.

2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жетісу казақ әскерлерінің тарихы (1854-1918)» атты тақырыпта кандитаттық диссертация қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Ғылыми жетекшісі – тарих ғылымдарының докторы, профессор Абдиров Ж.А.

  40-тан астам ғылыми мақалаларын республикада және шет елдерде, соның ішінде Мәдениеттану бойынша 2 оқу құралын жарыққа шығарды. 2011 жылы ««Семиреченское казачье войско. Из истории военно-казачьей колонизации Жетысу 1867-1917 гг.» атты тақырыпта жаңа мұрағаттық  материалдармен толықтырылған монографиясы жарық көрді. 

  2016-2017 оқу жылынан бастап Бірінші проректор және ғылым және тәрбие істері жөніндегі проректор қызметін атқаруда.

    50- ден аса мақтау грамоталарымен және халықаралық, респбуликалық  сертификаттармен марапатталған: ҚР Білім және ғылым министрі Қ.Ж.Түймебаевтың Құрмет грамотасымен, Алматы қаласы әкімі  А. Есімовтың Құрмет грамотасымен, университет ректорының мақтау қағаздарымен, т.б. мадақталды. Қазақстан Республикасының Ұлттық рейтингтік орталығының «2013 жылдың ең үздік маманы» сертификатының иегері, Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Аккредитация және Рейтинг Агенттігінің тәуелсіз сарапшысы.

       Тұрмыста, екі баланың анасы.

 

     

Қуанышбаев Ержан Айтуұлы 

Док.(PhD), доцент 

Ғылым  және тәрбие істері жөніндегі проректор

 Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры Ержан Айтуұлы Қуанышбаев 1971 жылы 14 қаңтарда Шымкент облысы Созақ ауданы Қаратау ауылында дүниеге келген. 

1988 жылы Панфилов атындағы № 14 орта мектепті бітіргді. 

1989-1991 жылдары отандық борышын әуе қорғаныстар бөлімінде бөлімше басшысы болып атқарды. 

1991-1992 жылдары Шымкент қаласы «Домалақ Ана» атындағы медреседе араб тілі педагогикасы мамандығын оқыды. Осы жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінде шет елге білім алушылар емтиқанында жақсы нәтиже көрсетіп Түркия Республикасы оқу грантын жеңіп алды. 

1992-1993 жылдары Түркия Республикасы «ТӨМЕР» тіл үйрету орталығында түрік тілін үйренді. 

1993-1997 жылдары Түркия Республикасы Мімар Синан Университеті, Түрік тілі мен әдебиеті факультеті «Түрік тілі мен әдебиеті» мамандығын жақсы дәрежеде бітірді. 

1997-2000 жылдары Түркия Республикасы Мармара Университеті, Түркият ғылыми зерттеу институтының «Түрік тілі мен әдебиеті» мамандығы магистратурасын бітірді. Магистратура диссертация тақрыбы «Түркі халықтарында Қозы Көрпеш Баян Сұлу Дастаны» салыстырмалы ғылыми зерттеу. 

2000-2006 жылдары Түркия Республикасы Мармара Университеті, Түркият ғылыми зерттеу институтының «Түрік тілі» мамандығы докторантурасын бітірді. Докторлық диссертация тақрыбы «Мәмлүк қыпшақ тіл жәдігері Китаб-к фил-ФыкҺ» тілдік, тарихи грамматикалық салыстырмалы ғылыми зерттеу. 

2002-2007 жылдары Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, түрік тілі кафедра менгерушісі болып қызмет атқарды. 

2007-2011 жылдары Аблай Хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері униерситеті Шығыс тілдері кафедрасы аға оқытушысы болып қызмет атқарды. 

2011-2014 жылдары Астана қаласы Түркі академиясы халықаралық қатынастар бөлімі Түркі халықтары байланыстар жауаптысы аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды. 

2014-2016 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Университеті Түркітану кафедрасы доктор доценті болып қызмет атқарды. 

Ғылыми зерттеу алаңы, түркі тілдері салыстырмалы грамматикасы, тарихи түркі тілдері грамматикасы, орта ғасыр жәдігерлері тілі, грамматикасы, мәмлүк қыпшақ тілі, әдебиеті, түрік тілі грамматикасы, түркі тілдері тарихы, түрік тілі тарихы. 

Түрік тілін туыс тіл ретінде үйрету, оқу-әдістемілік құралы. Туыс тілдер аудармасы, оқу-әдістемілік құрал. «Мәмлүк қыпшақ тіл жәдігері Китаб-к фил-ФыкҺ» монография. 

Отбасы құрған бес бала әкесі.

 

 

Хурия Экхлеф

и.ғ.к., доктор 

Халықаралық қатынастар жөніндегі проректор

      Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, доктор, профессор Хурие Екхлеф 1958 жылы 30 мамырда Марокконың Талсинт қаласында дүниеге келген.   Әкесі Абд әл-Қадыр 1921 жылы дүниеге келген, өте танымал ғалымдар отбасынан шыққан, Алжир халқының ұлттық батыры. Анасы Зехре бинт Лахсан 7 қыз 3 ұлды дүниеге әкелген ардақты адам.

      Хурие Ехклеф отбасының тұңғышы, балалық шағын Мидлятта өткізіп, бастауыш мектепте білім алады.  Орта мектепті Мароккодағы Джирсиф қаласында тәмамдады. Мектепті бітіргеннен кейін Мароккодағы Уаджда қаласындағы Мұхаммед әл-Ауал атындағы университеттің араб тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түседі. Бірақ бірінші курсты аяқтағаннан кейін  отаны Алжирге оралып,  Senea университетінде осы мамандық бойынша оқуын жалғастырады.

       1986 жылы университетті бітіргеннен кейін  Оран қаласындағы Әл-хаят гимназиясында оқытушы болып қызмет атқарады.

       1987 жылы Ехклеф  Хурие Түркия Республикасына тұрмысқа шығып, Анкара қаласындағы Анкара университетінде магистратура түсіп, 1992 жылы «Осман дәуіріндегі Алжирдің ғылыми және мәдени өмірі» атты тақырыпта магистрлік диссертация қорғайды. Осы университетте«Катіп Чалаби және сулламал-қусұлі»  атты кітабы» тақырыбында докторлық жұмысын қорғайды және осы 1996 жылы филология ғылымдарының докторы атағын алады.

      2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түрік және ағылшын тілдері мен әдебиеті кафедрасына доцент  міндетін атқарушы қызметіне тағайындалған.  1989-1990 жылдары түрік-араб мәдени орталығында араб тілінің оқытушысы;  1993-1996 жылдары Түркиядағы мұрағат  департаменті  қорының маманы;  1997-2000 жылдары Тілдер мемлекеттік институтының араб және француз тілдерінің оқытушысы;  2000-2005 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түрік тілінің оқытушысы,  түрік және ағылшын тілдері мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарған.

    2005-2008 жылдар аралығында Шет тілдер  және іскерлік карьера университетінде  шет тілдер факультетінің деканы бола отырып,  араб және түрік тілдерін жетік игерген маман ретінде дәріс жүргізеді.

     Доктор, профессор Екхлеф Хурияның  50-ден астам мақалалары мен 7 оқулығы отандық және шетелдік басылымдарда, газеттерде, ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазақ, араб және түрік тілінде оқитын студенттер мен оқытушыларға арнап, әдістемелік құрал дайындап, баспадан шығарған.   Хурия Екхлеф қазақ, түрік, араб, француз, орыс, ағылшын тілдерін жетік игерген. Заманауи талапқа сай  іскер әйел, бақытты ана, ұлағатты ұстаз, аяулы  жар, сыйлас әріптес Хурие Екхлефтің еліміздің әдебиет, мәдениет және ғылым саласында сіңірген еңбегі ерен.