LISANS

 

“Жарқын болашаққа  қол жеткізетін білім ордасы!”
Болашағыңыздың жарқын болуы мен табысты жұмыс табуыңыз үшін, алаңсыз өмір сүруіңіз үшін қызмет көрсетеміз!
ШЕТ  ТІЛДЕР  ЖӘНЕ  ІСКЕРЛІК  КАРЬЕРА  УНИВЕРСИТЕТІ
«Жарқын болашаққа қол жеткізетін білім ордасы».
       
       Болашақта өз саласында жоғары кәсіби  білікті маман иесі  және шет тілдерін тереңдете меңгерген маман дайындаймыз.
       Оқу ордамыздың мақсаты - нарықтық экономика саласында мемлекеттік және жеке секторлардың әрбір саласында  жұмыс істейтін қабілетті  іскер адамдарды даярлау  және олардың кәсіби бағыттарында карьера жасауына мүмкіндіктер тудыра отырып, оларды ұлттық және рухани құндылықтарға тәрбиелеу.
      3000 студентке бір мезгілде қызмет көрсете алатын университетіміздің ғимараттарында қазіргі  заманға сай жабдықталған дәрісханалар, интернет залы, электронды оқу залы, бейне зал,  лабораториялық дәрісханалар, мәжіліс залы, кітапхана, оқырман залы, жатақхана, буфет, асхана, жабық спортзалы сияқты әлеуметтік–мәдени ошақтар студенттердің қызметіне ұсынылған.
      Университетімізде орта мектеп түлектерімен қатар, арнайы кәсіптік білімі бар,  сонымен қатар жоғарғы оқу орнын бітірушілер де оқи алады. Бітіруші түлектерімізге Қазақстан Республикасының мемлекеттік үлгідегі жоғары білім туралы дипломы беріледі.
Университет 2009 жылы Білім және ғылым Министрлігінің Мемлекеттік аттестациясынан өтіп, 2010 жылы «TS-EN-ISO 9001:2008» Туркияның стандарттар институтының халықаралық сапа менеджментінің сертификатын алды.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министірлігінің аттестациясынан сәтті өткен университетіміз 2007 – 2008 оқу жылында Ғылым және білім министірлігінің тарапынан жоғары оқу орындары арасында жүргізілген анкеталарында 10 орынға ие болса, 2008-2009 оқу жылында 8 орынға көтерілді, 2010-2011 оқу жылында 82 ЖОО ішінде алдыңғы 10 қатарда орын алды.
     Университет оқытушылардың біліктілігін арттыру, студенттерді халықаралық білім беру жобаларына қатыстыру және студенттер алмастыру, ортақ бағдарламалар орындау мақсаттарында 67 шет елдік ЖОО-мен  келісім-шарт жасады.Олар:  Арканзас университеті, Борселона университеті, Түркияның 20 университеттерімен, Қытайдың 3 университетімен, Украина, Венгрия, Румыния университеттерімен, елшіліктерімен және халықаралық ұйымдарымен жемісті еңбек етуде. Университет оқытушыларының шетелдік ғылыми орталықтарында ғылыми машықтанудан өтуге, ал студенттердің  Қазақстан, Түркия және Қытай  елдері арасында өзара білім алмасу бағдарламасы бойынша Түркияда және Қытайда бір семестр немесе 1 жыл оқуға мүмкіншілігі бар.
 Университет демеушілері:
                                                                                                               
                                                                                                                
 
       
 
                                                       
       Университеттегі студенттік өмір қызықты және әртүрлі өтеді. Студенттер КВН ойындарына қатысады, университетте спорт секциялары, үйірмелер және клубтар жұмыс істейді. Факультатив сабақтарында студенттердің патриоттық сезімін, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге көп мән беріледі.
Оқу тілі
      Университетімізде оқу ағылшын, қазақ, орыс, және түрік тілдерінде жүргізіледі. Біз шығыс пен батыстың барлық негізгі тілдерін меңгертеді: ағылшын, француз, итальян, испан, неміс, түрік, араб, парсы, корей, қытай және  жапон тілдері. Бұл тілдер негізгі және екінші шет тілі ретінде оқытылады. Екінші шет тілі үшін қосымша ақы төленбейді.
      Университет орта, арнайы орта және жоғары білім беру негізінде төменде көрсетілген мамандықтар бойынша мамандар дайындайды:
1. ШЕТ ТІЛДЕР ФАКУЛЬТЕТІ
5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» 
5В011900       Ағылшын тілі
5В011900         Неміс тілі
5В011900       Француз тілі
5В011900         Испан тілі
5В011900         Қытай тілі
5В011900          Араб тілі
5В011900          Түрік тілі
5В011900         Жапон тілі
5В011900         Корей тілі
5В011900         Парыс тілі
5В020700       Аударма ісі
5В011700      Қазақ тілі және әдебиеті
2.ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ ФАКУЛЬТЕТІ
5В050600       Экономика
5В050700       Менеджмент
5В050800       Есеп және аудит
5В011100       Информатика
5В051100       Маркетинг
3.ТАРИХ ЖӘНЕ ДІНТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
5В011400     Тарих
5В020600     Дінтану
5В020200       Халықаралық қатынастар
4.ТУРИЗМ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
5В090200     Туризм
5В050400     Журналистика
5.МАГИСТРАТУРА
6М011400    Тарих
6М020600     Дінтану
6М020700     Аударма ісі
6М011900     Шет тілі: екі шет тілі
Оқу түрі
Күндізгі (күндіз, кешке), сырттай және қашықтықтан оқыту (дистационное обучение)
Оқу тілдері мен топтары: ағылшын , қазақ және орыс
Студенттердің салауатты өмір сүруі үшін соңғы әлемдік үлгідегі техникалармен жабдықталған 320 адамға арналған жатақхана бар.
ҰБТ жоғары балл алған талапкерлерге университет гранты беріледі. Әлеуметтік жағдайы төмен студенттердің оқу төлемақысына 5-50%  жеңілдіктер жасалады.