Магистратура

Магистратура тарихы

Шет тілдер жіне іскерлік карьера  университетінің магистратурасы 2008-жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Ең алғашқы магистратура деканы филология ғылымдарының кандидаты  Қоңырова Ақбота Тұрағұлқызы . Магистратура ашылғаннан бері алпысқа жуық магистранттар оқуын аяқтады. Олар республиканың жоғарғы оқу-орындарында жұмыс істеп қана қоймай, алдыңғы санаттағы бизнес-компанияларда, заң және газ-мұнай салаларында қызмет етуде. 2 магистрант шет елде ғылыми тәжірибеден өтті.

 

Магистратураның мақсаты

Жоғарғы білікті, бәсекеге қабілетті, ғылыми-педагогикалық және басқару кадрларын төрт мамандық бойынша дайындау; Магистратура түлектерін тек теориялық біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, қосымша практикалық шеберлікті де меңгерту; Университет әлемнің ең үздік білім ордаларымен қарым-қатынас жасау арқылы, магистранттардың әлемдегі ғылыми-ақпараттардан хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатын көздейді.

 

Жалпы міндеттері

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті ғылыми және творчестволық мекемелерге мамандар дайындап шығарады.Ғылым магистрі – өте кең және терең дайындалған маман. Жан-жақты ойлай білетін, ғылыми зерттеулерді өздігінен жасай алатын және үнемі ізденіс үстінде жүретін магистрлер болып табылады.

Университет магистранттарды жалпыға ортақ стандарт бойынша ГОСО РК 5.04.033.-2011 дайындалады.

 

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті төмендегі мамандықтар бойынша магистрлер дайындайды:

  • 6М011900 – Шет тілі: екі шет тілі
  • 6М020700 – Аударма ісі (аудармашы-референт)
  • 6М020300 – Тарих
  • 6М020600 – Дінтану

Мемлекеттік ғылым және білім министрлігінің РК АБ № 0137441 03.02.2010 лицензиясымен гуманитарлық ғылым магистрлері  дайындалуда.

Мемлекеттік жалпыға ортақ білім беру стандарты бойынша сабақтар өткізіледі. Шет тілдер және іскерлік карьера университеті  магистратурасы күндізгі бөлім бойынша екі бағытта жұмыс жасайды. Ғылыми-педагогикалық (2 жыл) және профильдік (1; 1,5 жыл).

Профильдік магистратура – 1 жылдық программа. Дипломды алу үшін магистрант теориялық, практикалық тәжірибеден өтіп, диссератциясын қорғап шығу міндет.

Ғылыми-педагогикалық магистратура – 2 жылдық программа. Магистрант теориялық және практикалық тәжірибе ала отырып, ғылыммен де айналысуға құқығы бар.