ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

                  ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

    Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде  2015 жылдың 27  ақпанында Адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген айы Мәуліт мерекесіне орайластырып, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры, доктор, профессор Сабри Хизметлидің 2014 жылы Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрлігінен жарық көрген «Ислам тарихы» атты оқулығының тұсаукесері өтеді.  Тұсаукесер барысында  Ислам діні қағидаларының мәні, зерттелуі,  өткені, бүгіні, болашағы, жайлысұрақтар төңірегінде «Исламтанудың өзекті мәселелері» атты тақырыпта ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылады.

      Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, түрік, ағылышын, араб.

     Ұйымдастыру комитеті материалдарды баспадан  шығарады. Конференция бағдарламасына ену үшін ұйымдастыру комитетіне мақала (баяндама) авторы жайлы мәліметтер, мақаланың (баяндама) атауы туралы ақпарат    поштасына жіберілу қажет.

    Мақалалар 10-беттен аспауы және әр мақалаға жеке көрсеткіштік нөмір (УДК) алынуы міндетті. Мақала қазақ тілінде жазылса, орысша, ағылшынша түйіндемесі,  мақала жазылған тілде түйін сөздер мен аннотациясы болуы  тиіс.

      Әдебиеттер тізімі еңбекте сілтеме беру тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінде тік жақшаның [ ] ішінде  әдебиет тізімінің нөміріне сай көрсетіледі.

Тіркеу формасы:

  1. Тегі, аты-жөні
  2. Ғылыми дәрежесі, атағы
  3. Ұйым атауы
  4. Баяндама тақырыбы
  5. E-mail
  6. Телефон (қалааралық кодымен), ұялы телефоны

Қатысу туралы өтініштер 2015 жылғы  20 ақпанға дейін қабылданады.

Байланыс телефондары  87017176134

     Өтетін орны: Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 168. Шет тілдер және іскерлік карьера университеті. Конференция залы.

Телефон: 8(727) 379 78 94 (129), 379 78 95. Факс: 8 (727) 379-78-93.

e-mail:ydu;;  web-site:www.archive.ydu.kz