ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бойынша білім гранттарын беру жөніндегі байқауға өтініш қабылдау шілде айының 23 мен 31 аралығында жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі №466 бұйрығы бойынша Шет тілдер және іскерлік карьера университеті жоғары білімі бар мамандарды даярларуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесіне енді. 2016-2017 оқу жылында, 109 университет грантымен қоса, мемлекеттік білім тапсырысы бойынша жоғары білімді мамандар дайындау мақсатында Шет тілдер және іскерлік карьера университеті талапкерлерді төменде аталған барлық бакалавр мамандықтары бойынша білім гранттарын беру жөніндегі байқауға қатысуға өтініш беруге шақырады. Талапкерлер білім гранттарын беру жөніндегі байқауға қатысуға біздің университеттің 419 коды бойынша өтініш білдіре алады.

1. 5В011100-Информатика

2. 5В011400-Тарих

3. 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті

4. 5В011900 -Шетел тілі: екі шетел тілі

5. 5В020200- Халықаралық қатынастар

6. 5В020600 -Дінтану

7. 5В020700- Аударма ісі

8. 5В050400-Журналистика

9. 5В050600-Экономика

10. 5В050700-Менеджмент

11. 5В050800-Есеп және аудит

12. 5В051100-Маркетинг

13. 5В090200-Туризм