
|

|
АКАДЕМИЯЛЫҚ КАДРЛАРЫМЫЗ
Университетіміз заман талабына сай барлық құрал жабдықтармен жабдықталған. Бізде Қазақстандық тәжірибелі, өз еңбектерімен аты шыққан атақты ғалымдармен қатар Түркия, Мысыр және басқа мемлекеттердің ғалымдары жұмыс жасайды.
Университетімізде оқу тілі қазақша, түрікше, ағылшынша, орысша, дәрісте жаңа құралдардың барлығы қолданылады.біздің мақсатымыз 21 ғасырдың технологиясын қолдана алатын, өз мамандығын жетік меңгерген, еңбеккер, жауапты, сенімді және тәжірибелі мамандар оқытып шығу болып табылады.
Оқытушыларымыз еңбекқор, білімді, тәжірибелі мамандар болып табылады. Университетіміздің сенаты атақты білім адамдарынан құралған.
Фото сурет
|

|

|

|
БІЗДІҢ УНИВЕРСИТЕТ
Университет Орта Азия мәдениет қоры тарапынан құрылған. Университетіміз қала орталығында үш қабатты, жаңа ғимаратта орналасқан. Ғимаратымызда жаңа заман талабына сай дәрісханалар, тіл лабораториялары, конференция залы, кітапхана, буфет, кафетерий сияқты әлеуметтік және мәдени мүмкіндіктер бар.
2005 оқу жылында Білім министрлігінің тексеруінен сүрінбей өткен Шет Тілдер және Іскерлік Карьера универаитеті бүгіегі таңда Қазақстанның мықты деген университеттерінің арасынан орын алып отыр.
Университет Орта Азия Мәдениет Қоры және түрік компаниялары, жеке тұлғалар тарапынан қаржылай қамтамасыз етіледі. Университеттің қаржы қоры негізінен студенттердің төлем ақыларынан тұрады.
Осымен қатар келешекте анықтама мен жоспарлау бөлімдерін ашқалы отырған Шет Тілдер және Іскерлік Карьера универаитеті НАТО және де осы сияқты танымал ұйымдар мен университеттермен бірлесе отырып ғылыми және мәдени іс-шаралар өткізбекші. Келешекте университет халықаралық деңгейге көтерілуді жоспарлап отыр. Университет мемлекеттік және жеке секторлардың барлық саласында жұмыс істей алатын мамандар жетелдіру мақсатымен ашылған.
Білім берумен қатар жастарды рухни жақтан тәрбиелеп, мәдениетті, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығару униаерситеттің басты мақсаты.
Фото сурет
|

|

|

|
БАҚЫТТЫ БОЛАШАҚТЫҢ ОТАНЫ
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті Қазақстандағы ең жас, бірақ қарқынды дамып келе жатқан университеттердің біреуі болып табылады. Алғаш рет Абылай Хан атындағы Әлем тілдер және халықаралық қатынастар университетінің ішінен шет тілдер факультеті болып ашылған болатын. Кейін екінші іскерлік жоғары оқу бөлімі ретінде қызмет көрсетті, 2005 жылы университет статусына көтерілді.
Біз Қазақстан жастарының бақытты болашағы болуын қалаймыз. Қазақстанның болашағы жастарымыздың қолында екендігін білеміз. Яғни, студенттерімізге сапалы білім беру, оларды өмірге баулу біздің міндетіміз. Жастарымызға немқұрайлы қарау, елімізге қиянат жасаумен бірдей. Сол себептен де Шет тілдер және іскерлік карьера университеті мына бәсеке алаңына айналған, жаһанданған дүниеде студенттерге заман талабына сай білім беруге және оған керекті жабдықтардың барлығымен қамтамасыз етуге тырысып келеді. Студенттердің білім алуына барлық жағдайлар жасалғаннан кейін ғана олардан нәтиже күте аламыз.
Ғаламдасқан заман халқымыз бен елімізді барлық елдермен бәсекелесуге мәжбүр етіп отыр. Осы жарыстан мықтылар ғана жеңіп шығады, ал бәсекеге шыдай алмайтындар жеңіліске ұшырайды.
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті , Университетіміздің оқытушыларымен бірлесе отырып жастарымыздың бақытты болашағы үшін қызмет және жастардың қажетті білім алуына, тәжірибе жинақтауына, өмірге дайын болуына барлық жағдайды жасауды.
Талапкерлердi кабылдау
|

|

|

|
ОҚУ-ТӘРБИЕ САЯСАТЫМЫЗ
Біздің оқу-тәрбие саясатымыз - бүгінгі күннің шарттарына сай, келер күннен күткеніңіздей оқу-тәрбие беру. Жеткілікті базасымен, жетекші маман кадрларымен оқыту-оқу процессін жетік меңгерген, теория мен практиканың сабақтастығына, ұштастығына көңіл бөлетін, дамыған өлкелермен ғылыми-тәрбиелік алмасу бағдарламаларына қатысатын, ең кемі екі шет тілін академиялық деңгейде үйрететін, студенттердің әлеуметтік және мәдени тұрғыдан дамуын қадағалайтын оқу-тәрбие саясатын ұстанудамыз.
Білім ордамызда берілетін оқу-тәрбие мен іскерлік карьераға баулудың негізгі мақсаты болса, Қазақстан Республикасының демократиялық құрылымына сай тұрғыда білімі, мәдени және мамандығы бағытындағы білімі жеткілікті, қазіргі заманның талаптарына жауап бере алатын, ұлттық және рухани құндылықтарды, адам құқығы мен бостандықтарын құрметтейтін, өз қабілетін білім мен мамандық салаларында көрсете алатын, соңғы ізденіс әдістемелерін білетін және қолдана алатын, қоғамның интеллектуалдық және психолгиялық, эконмикалық және әлеуметтік, ғылыми және мәдени, іскерлік карьера салаларындағы іс-шараларда жауапкершілігін сезінетін «сапалы маман кадрлар» мен «үлгі бола алатын жетекші маман» дайындау болып табылады.
Факультеттер және мамандыктар
|

|

|

|
БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ
Қазақстан университеттері арасында 10 орын
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті тарихта түп тамыры бір Түркия мен Қазақстан арасында білім мен мәдениет көпірі болу, жаңа заманның ғылыми және технологиялық жаңалықтарын қазақ жастарына таныстыру, сапа, тәртіп, тәрбие жағынан үлгі болуды көздеген университетіміз дамуда. Университетіміз осы жетістіктерінің арқасында 2006-2007 жылдары Қазақстан университеттері арасында 10 орынды иеленді. Осы жетістік бұдан да биіктерге шығу үшін жасалған алғашқы қадам болып отыр.
Бiздı калай табуга болады
|

|

|
|