
|
АЛЕУМЕТТІК БАГДАРЛАМАЛАР МЕН КЫЗМЕТТЕР
|
Біздің жаңа ғимаратымызда асхана, кафетерий, буфет, конференция залы, кітапхана және басқа да көптеген орындар бар. 2007-2008 оқу жылында жатақхана, мәдениет орталығы, сырттан келген оқытушыларға арналған жанұялық жатақхана салу жоспарланып отыр.
|
|
|
|
Студенттеріміз ірі компанияларда практика өту, шет елдерде оқуын жалғастару сияқты мүмкіндіктерге ие. Қазіргі бірден бір көздеп отырған мақсатымыз шет елдік университеттермен келісім шартқа отыру болып табылады. Университетімізде оқу тілі қазақша, орысша, ағылшынша және түрікше.
|
|
Қазіргі таңда университетіміз 2500 студентке арналған, жаңа технологиялық құрал жабдықтармен жабдықталған лабораториясы , конференция залы, кітапхана және кафетериясы бар жаңа ғимаратқа ие. Университетімізде екінші жоғары білім де беріледі. Алға қойған мақсаттарыңызды жүзеге асыру үшін біздің университетке келіңіздер.
|
|
Біздің университеттің басқа шет елдердің білім беру мекемелерімен халықаралық қатынастары.
Университет халықаралық білім беру мекемесі болып табылады№ ол Қазақстан мен Түрік азаматтарымен бірігіп ашылған. Университет екі елдің достық көпірі болып саналады.
Бізде басқа елдерде жеке және жалпы мекемелер өте көп. Біздің ортақ міндетіміз – білім беру жүйесінде, мәдениет, ғылым және сондайөақ туризмдегі ынтымақтастығымыз. Екі жақты келісмге сәйкес Түркия Қазақстанмен ғана емес, сонымен қатар Қырғыстанмен, Ресеймен, Монғолиямен, Голландиямен де жұмыс жүргізеді, бұған көпшілік жалпы және жеке ұжымдар, НАТО, Түркияның білім беру Министірлігі, Түркияның дін министірлігі, Түркияның дін фонды, ТИКА, Түрік Мемлекеттік Газа университеті, Анкара университеі, Түркияның Туристер бірлестігі, Стамбул университеті, Мармара университеті, Мимар Силан университеті, Қырғыстанның Халықаралық қатынастар университеті, Қазақстанның білім және ғылым министрлігі, Халықаралық қатынастар мен әлем тілдер университеті, Мемлекеттік кітапхана, Сүлейман Димирелл университеттері кіреді.
Біздің университіттің басты демеушілері – Түркия елшілігі, Түркияның мәдениет орталығы, Түркияның білім беру орталығы, КЗИ Банкі, Туркуаз компаниясы және Султан компаниялары болып табылады.
|

|