Жатақхана

 

       Университет студенттерінің тұруына ыңғайластырылып еуростандарт негізінде салынған 320 адамға арналған,  6 қабатты  жатақхана 2011 жылы іске қосылды. Онда асхана, кітапхана, үлкен конференц залы, жабық спорт залы, қонақ бөлмелер мен  студенттердің демалатын  бөлмелері бар. Асханада 3 мезгіл ыстық тамақ беріледі. Жатақхана үйі (ғимарат) қазіргі технологиямен жабдықталып, біздің студенттердің барлық талабына сай жауап береді. Жатақханада түрлі танымдық, тағылымдық, патриоттық бағыттағы кештер, көңілді сайыстар өтіп тұрады. Жатақхана студенттері арнайы университет әкімшілігі бекіткен Ережеге бағынады.  Аталған ереже университет жатақханасында тұратын студенттердің міндеттері мен құқықтарын, ішкі тәртіпті және жатақханаға орналастыру жүйесін реттейді.  
Университет жатақханасында тұратын студенттердің Ішкі тәртіп ережелері талаптарын сақтауын қадағалау университеттің ғылым және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректорына, факультет деканына, жатақхана меңгерушісіне, университеттің күзет қызметіне жүктеледі. Студенттер мен магистранттар медициналық бақылаудан өткен анықтама қағаз, өтініш негізінде жатақханаға орналастырылады.   Студент тазалық, тәртіп сақтауға;  жатақхана әкімшілігі мен қызмет көрсетуші персоналға әдептілік көрсетуге;   жатақханадан шыққанда өз бөлмесіндегі терезені, балконды, есікті кілттеп, кілтін жатақхана қызметкеріне беруге;   жатақханадан көшкен жағдайда 5 күн бұрын жатақхана қызметкеріне ескертуге;  жатақханаға тиісті аумақты ластаушы қоқыстар мен шылым қалдықтарын терезеден лақтырмауғаміндетті. Бұл айтылған талаптаптарды қатаң сақтаған еуро үлгідегі университет жатақханасы студенттер мен магистранттардың  туған үйіне айналып отыр.