МАҚСАТЫ

      Қазақстан Республикасы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің миссиясы Қазақстан және Түркия мемлекеттерінің интеллектуалды, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлесін қоса алатын жоғары білікті, сапалы мамандар даярлауды қамтамасыз ету.

     Университетіміз бұл бағытта шет тілдерді оқыту мен іскерлік карьера негіздеріне баулу, нарықтық экономика шарттарында жұмыс істейтін адамдарды білім, әдіс-тәсіл және практикалық тұрғыдан дамыту, оның профессионалдық жетілуіне үлес қосу; тіл, іскерлік карьера, оқу-тәрбие, мәдениет және өркениет, нарықтық эономика мәселелерінің шешілуі; маркетинг, туризм, халықаралық қатынастар мен сауда-саттық салаларының дамуы; ұлттық және рухани құндылықтардың сақтала отырып, әрі қарай жалғасын табуында кездесетін мәселелердің өз шешімін табуына үлес қосу; осы аталған салалардағы мұқтаждықтардың ғылыми еңбектер, шығармалар, өнімдермен толықтырылуы үшін қызмет етуде жұмыс жасауда. Демек, университет алдына қойған миссияны іске асыруда төмендегі шарттардың тәжірибе жүзінде қолданылуына аса мән береді:

  • жастардың ұлттық және жалпы  санасының ғылым мен білім негізінде көрініс табуына, оның әрі дамуына мүмкіндік беру, профессионалдық карьераның қоғамда, нарық шарттарында өмір сүретін тұлғалардың арасында дами түсуі үшін қызмет ету,
  •  оқу-тәрбие бағдарламаларының одан да пайдалырақ әрі жемістірек болуы үшін тырысу, дара түрде жетілу мен дамумен қоса, қоғамның бақытты да бейбіт өмірін қалыптастыруға үлес қосу; ұлтжанды және отан сүйгіш, өз өлкесі Қазақстанға деген сүйіспеншілікке баулу,
  •  Отанның табысын бас пайдасынан жоғары қоятын, заңдар мен ережелерге құрметпен қарайтын тұлғаларды тәрбиелеу; ғылым мен білім алу жолында заманға сай технологияны қолданудың әдіс-тәсілдерін үйрету; профессионалдық білімі жетілген жоғарғы білім иелерін тәрбиелеп шығару.

Қазақстан Республикасы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті 2005 жылы құрылып,  Қазақстан мен Түркия мемлекеттері арасындағы білім, ғылым және мәдениеттің алтын көпірі ретінде үздіксіз білім беру үдерісімен айналысуда. Университеттің алдына қойған негізгі мақсаты –  Қазақстан Республикасы мемлекетінің және әрбір жеке тұлғаның мүддесі мен  қабілетіне қарай, сұраныстарына сәйкес білім бере отырып, бүгінгі күн талабына сай бәсекелестікке қабілеті бар мамандар даярлау.  Қазіргі заманға сай әдіс-тәсілдердің көмегімен ғаламдық білім жүйесін қазақ халқына ұсыну, жергілікті және мемлекеттік басқару органдарының дамуына үлес қосу, Қазақстан Республикасының заңдары мен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Халыққа Жолдауы» негізінде жетістіктерге жету, студенттердің психологиялық-әлеуметтік дамуын қадағалау, қоғамның ұлттық және рухани құндылықтарын бағалайтын тұлғаларды жетілдіру және де нәтижесінде мемлекетіміздің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына үлес қосу.

           Білім ордамызда берілетін  тәлім-тәрбие мен іскерлік карьераға баулу негізгі мақсат болса, Қазақстан Республикасының демократиялық құрылымына сай тұрғыда білімі және мамандығы бағытындағы ғылымы мен мәдениеті жеткілікті, қазіргі заманның талаптарына жауап бере алатын, ұлттық және рухани құндылықтарды, адам құқығы мен бостандықтарын құрметтейтін, өз қабілетін білім мен мамандық салаларында көрсете алатын, соңғы ізденіс әдістемелерін білетін және қолдана алатын, қоғамның интеллектуалдық және психологиялық, экономикалық және әлеуметтік, ғылыми және мәдени, іскерлік карьера салаларындағы іс-шараларда жауапкершілігін сезінетін «сапалы маман кадрлар» мен «үлгі бола алатын жетекші маман» дайындау болып табылады.

       Университет Қазақстан Республикасынан, Түркиядан, Ресейден, Түркі әлемінен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан және басқа да мемлекеттерден келген студенттерге қазіргі заман талабына сай білім мен технологиялық жетістіктерді қолдана отырып, жалпыға ортақ мемлекеттік стандарттар негізінде білім беру, іскерлік карьераға тәрбиелеу және практикалық түрде шет тілдерін үйретуді мақсат тұтады.

      Бүгінгі таңда Қазақстанның мұқтаж болып отырған ізденуші, ойлап табушы және қолданушы қол күшін дайындайтын жергілікті және мемлекеттік секторлармен ынтымақтастықты нығайтатын ұйымдарды басқара алатын, ғаламдық және секторлық анализдерді іске асыра алатын, мемлекеттің мәдени, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан дамуына ұлттық деңгейде үлес қосуды жүзеге асыратын маман дайындау университеттің негізгі стратегиялық жоспарының бірі болып саналады.

 

  1. Университеттің стратегиялық басқару механизмін жұмыс берушінің сұранысын қанағаттандыра алатын деңгейде  қалыптастыру, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын бірнеше шет тілін жетіи игерген жаңа буын маман  тәрбиелеу;
  2. Университеттің  ғылыми-білімдік инфрақұрылымдық дамуын, кадрлық әлеуетін  тұрақты қамтамасыз ету, инновациялық тиімділігін арттыру.
  3. Университеттің Қазақстандағы, Түркиядағы және халықаралық білім беру кеңістігіндегі  жетекші,  іргелі оқу орындарының бірі ретіне бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасау;
  4. Білім беру үдерісін жаңа оқыту технологиялары арқылы модернизациялау, материалды-техникалық базаны дамыту, білім беру бағдарламаларын, ғылыми-зерттеу жобаларын, инновациялық инфрақұрылымды оңтайландыру. 

 

БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ

          Тәлім-тәрбие саясаты - бүгінгі күннің талаптарына сай, келер күннен күткеніңіздей оқу-тәрбие беру. Жеткілікті базасымен, жетекші маман кадрларымен оқыту процессін жетік меңгерген, теория мен практиканың сабақтастығына, ұштастығына көңіл бөлетін, дамыған өлкелермен ғылыми-тәрбиелік алмасу бағдарламаларына қатысатын, ең кемі екі шет тілін академиялық деңгейде үйрететін, студенттердің әлеуметтік және мәдени тұрғыдан дамуын қадағалайтын тәлім-тәрбие саясатын ұстанудамыз.

       Университетіміз төмендегі  тәлім түрлері негізінде жұмыс істейді: күндізгі, кешкі және сырттай. Бұл бағыттар негізгі бастауыш  тәлім, жалпы негізгі тәлім, жалпы орта тәлім, жалпы қосымша және мамандық тәлім, алғашқы мамандық тәлім, орта мамандық тәлім, жоғарғы мамандық тәлім, қосымша мамандық тәлім, жалпы жоғарғы мамандық тәлім түрлерін қамтиды.

      Университетімізге Қазақстан Республикасы азаматтарынан басқа, Түркі Әлемінен, тәуелсіз мемлекеттер достастығынан (ТМД), Қытай, Моңғолия, Жапония, Корея, Пакистан сияқты көрші мемлекеттерден  оқу түрінің барлық бөлімдеріне  орта, арнайы орта және жоғары білім негізінде қабылдайды.

      Орта және жоғарғы мамандық оқуы бағдарламалары әлеуметтік, педагогикалық, экономикалық, техникалық, жаратылыстану, мәдениет, өнер және осы аталғандармен тамырлас білім салаларын өзара ұштастыра отырып, сапалы мамандарды дайындауға бағытталған.

         Университетіміз мамандық саласына байланысты ғылыми кітаптарды, әдістемелік нұсқауларды, ғылыми журналдарды басып шығару; халықтық және халықаралық деңгейдегі теориялық және практикалық  ғылыми немесе әдістемелік студенттер конференциялары, симпозиумдар, семинарлар, білім сайыстары, саяхаттар, спорт және өнер шаралары, мәдени, тарихи және әдеби конгресстер ұйымдастырады.

      Университет тәлім-тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру, іскерлік карьераны шыңдау, қазіргі заманға сай ғылыми технологияның мүмкіндіктерін пайдалану, мамандық тәжірибесін арттыру, сол алаңдағы жетекші ғылым мамандарының тәжірибелерімен танысу мақсаттарында Орта Азия Түрік мемлекеттері, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Түркия мен Еуропадағы жоғарғы оқу орындарымен байланыс жасайды; саяхат, спорт, өнер шараларын ұйымдастыру; кітап, журнал және сол сияқты баспасөз материалдарымен, студент немесе профессор-оқытушылар құрамымен алмасу, т.б. салаларда келісім шарттар жасайды.

      Шет тілдер және іскерлік карьера университетін бітірген студенттер мемлекеттік үлгідегі жоғарғы білім туралы диплом ала алады. Бұл диплом Қазақстан Республикасының дәрежесі мен мәртебесі жөнінен тең саналатын басқа да жоғарғы оқу орындарының дипломдарымен бірдей болып есептеледі.