Асхана
Университеттің оқу корпустарында 120 орындық студенттік буфеттер және 500 орындық студенттік асхана және профессор-оқытушылар құрамына арналған 200 орындық асхана жұмыс жасайды. Асхана заманауи үлгіде жабдықталып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1665 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларынқатаң сақтап отырады. Әкімшілік-басқару органының ұсынысы негізінде Ғылыми кеңестің шешімімен университеттің оқытушыларына материалдық-әлеуметтік ынталандыру ретінде тегін түскі ас беріледі. Сонымен бірге жатақхана студенттері күніне 3 рет тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген