Декан
Абдыкалыков Улан Кадырбекович – тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Хадықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі
1953 жылы 17-сәуірде Алматы облысы Шелек селосында дүниеге келген. 1972 жылы Ұ.Бағаев атындағы Алғабас орта мектебін «Алтын медальға» бітірген.
1978 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің тарих факультетін бітірді.
1978-1993 жж. Жезқазған педагогикалық институтында аға оқытушы болып қызмет етті.
2000-2005 жж. «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық институтында кафедра меңгерушісі, проректор қызметін атқарды.
2005-2007 жж. «Дарын» колледжінде директор болды.
2008-2010 жылдары Д.Қонаев атындағы университеттің Талғар қаласындағы колледж директоры қызметін атқарды.
2010-2014 жылдары Орталық-Азия Университеті әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде директор болды.
2014 ж. қыркүйек айынан Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде декан болып қызмет етеді.
«Іскерлік мәдениеті» оқулығы және бірнеше оқу, оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми мақалалардың авторы. Қазақ телевидениесінде «Ақжүніс», «Құлтөбе», «Айтуға оңай», «Тура жол», т.б. хабарларға қатысып, өзінің қоғамдық-саяси көзқарастарын білдірген.
Марапаттары – «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен, Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» ұйымының «Білім көшбасшысы» медалімен марапатталған.