HABERLER: Талапкерлер назарына
01.07.2013
Талапкерлер назарына

Талапкерлер назарына

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті Сіздерге ағылшын, қазақ, түрік және орыс тілдерінде оқуға күндізгі (күндізгі, кешкі), сырттай және қашықтықтан оқыту, магистратура бөлімдерін усынады. Университетте евростандартпен жабдықталған 320 орындық жатақхана, кітапхана, соңғы үлгіде мультимедиалық сыныптар, лингофон  кабинеттері бар. Әр мамандық студенттеріне қосымша ақысыз шет тілдері оқытылады. 2013-2014 оқу жылында әр мамандықта   ағылшын топтары  ашылады.

2013 жылдағы басты жаңалығымыз

*  Қазан айында Түркиядан, университетте  сапа менеджментін ұстану және дамыту барысын тексеру комиссиясы болып, Сапа менеджментінің 3 жылға арналған сертификатын  табыстады.

* 13-17 мамыр аралығында Білім және Ғылым саласын бақылау комитетінің университеттің жұмысын лицензиялау талабына сай тексеру комиссиянан өтті.

* Университеті 2013 жылдың 21-25 мамыр айынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Аккредитация және рейтинг агенттілігінен институтционалды және 9 мамандық бойынша мамандырылған аккредитациядан 5 жылға өтті.

* Сонымен қатар түрік фирмалары  6-қабатты жаңа оқу ғымаратын салуда. Келер жылы қолданысқа енеді және  соған сәйкес 300 адамға арналған жатақхана, асхана, кітапхана, спорттық және треножорлық зал, авто тұрақ бөлінеді.

* Грантқа иегер болам деген талапкерлерге университет 2013 оқу жылына 25 білім беру грантын бөлді.  Ережесі, конкурс бойынша ең жоғарғы балл алғандар және әр мамандықта бір топта  15-20  талапкер болған жағдайда конкурсқа қатыса аласыздар.

Мүмкіндіктеріңізді сынап көріңіздер.

* Университетімізде жоғары білім беру мақсатында шетелдерден білікті мамандардар доктор, профессорлар шақыртылып дәріс оқиды, семинарлар өткізеді.

2012-2013 оқу жылында тәжірибе алмасу мақсатында шетелге университетімізден 41оқытушы 17 Туркияға 24 Қытайға барып біліктілігін арттырды.

2012-2013 оқу жылында шетелде 78 студет білім алуда.

Сіздің сапалы білім алуынызға кепілдік береміз.

 

*80 жуық ірі, беделді шетел университеттермен жасалған келісім шарты бар, соның негізінде 2013-2014 оқу жы 120 студент, 12 магистр, 6 докторант Түркияға  оқуға барады.  Келісім-шарт бойынша олар грантта оқиды және стипендия  алады.

Сізде осы қатарда болуңызға үлкен мүмкіндігіңіз бар.

 

 

Университетіміз қашықтықтан оқыту бөліміне шақырады (электронды оқыту жүйесі).

Сіз қашықтықтан оқу арқылы өз уақыттарыңызды шектей аласыз.

Төменде көрсетілген адамдар қашықтықтан білім беру технологиясын қолдана алады:

   • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім және жоғары білім базасындағы қысқартылған білім бағдарламасы бойынша;

   • Барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, оның ішінде мүгедек балалар, 1 және 2 топтағы мүгедек болып табылатын тұлғалар үшін;

   • «Болашақ» стипендиаттарын қоспағанда, жоғары блім деңгейінде білім алушылардың алмасу бағдарламасы бойынша мемлекет аумағынан тысқары шыққан білім алушылар;

   • Жоғары білім деңгейінде сырттай оқу түрі бойынша жедел әскери қызметке шақырылғандар

   •  Жоғары білім деңгейінде ұзақ мерзімді (4 айдан астам) шетелдік іссапардағы тұлғалар;

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқыту бакалавриаттың 12 мамандығы бойынша қабылдайды.

 

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

«сапалы тәлім, саналы тәрбие» береді.

 

Университеттің демеушілері

$  TURKUAZ

                       $  TIKA

                                     $  ULKER

                                                      $  GANAKKALE SERAMIK

                                                                                                        $  KIGILI

                                                                                                                          $  KZI BANK

ірі мекемелер.

 

 

Нравится Tweet