ЖАҢАЛЫҚТАР: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СИМПОЗИУМ
21.05.2013
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СИМПОЗИУМ

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СИМПОЗИУМ

       
   
     
 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті Сіздерді 2013 жылы маусым айының 6-8 жұлдыздары аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы Жолдауы аясында өткізілетін

 

«ҚАЗАҚСТАН – 2050 СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ӨТУ ҮРДІСІ»

атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік симпозиумына шақырады

Конференция жұмысының негізгі бағыттары және секциялары:

 

І НЕГІЗГІ ОТЫРЫС

Заманауи Қазақстан және «Қазақстан-2050» стратегиясы.

А. Қазақстанның жаңа саясаты:

  • Ұлттық саясат және принциптері;
  • Ішкі және сыртқы саясаттын жаһандық ерекшелері;
  • Жаңа Қазақстанның жаһандық саясаты;
  • Жаңа Қазақстанның әлемдік қарым-қатынасы;
  • Жаһандық аренадағы Қазақстан;
  • Қазақстанның халықаралық қарым-қатынастары және қазақстандық патриотизм.

Ә. Экономикалық өрлеудің жаңа принциптері:

  • Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде қаржы жүйесінің жаңа саясаты;
  • Үдемелі даму жолындағы жаңа экономикалық саясат пен қаржылық есеп айырысудың халықаралық стандарттар негізіндегі ерекшеліктері;
  • Инвестициялық саясат және бәсекеге қабілеттілікті басқарудың жаңа стандарттары;
  • Мемлекеттік басқару және жаңа кадр саясаты;
  • Жаһандану бағытындағы Қазақстанның жаңа энергетика саясаты
  • «Қазақстан-2050» стратегиясы аясында шағын және орта бизнесті дамыту ерекшеліктері;
  • Жаңа Қазақстандағы діни, мәдени және әлеуметтік саясат;
  • Инновациялық зерттеулерді дамыту саясаты;
    • «Қазақстан-2050» стратегиясы аясындағы Қазақстан Республикасының туристтік саласы.

II. НЕГІЗГІ ОТЫРЫС:

Жаңа Қазақстанның жаңа әліпбиі мен мемлекет тілі

  • Жаңа Қазақстанның жаңа білім беру саясаты мен оқу, тәлім – тәрбие қағидалары мен ұрандары;
  • Түркі халықтарының ғылым, білім тілі мен түркі тілдерін біріктіру саясаты;
  • Білім беру және кәсіби мамандану әдістемелерін жаңғырту;
  • Мемлекетті басқарудың жаңа тілі мен әліпбиі;
  • Қазақстанның жаһандық саясатында латын әліпбиінің рөлі;
  • Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлығы.

 

Халықаралық симпозиумның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, түрік, арап және ағылшын.

 
Симпозиумға қатысу шарттары

 

Симпозиумға қатысу үшін 2013 жылдың 5 мамырына дейін симпозиум құжаттары жиынтығының қағаз және электрондық  нұсқаларын ұйымдастыру комитетіне тапсыруы немесе электрондық адресі бойынша жіберуі тиіс. Сонымен қатар баяндамашылардың 2013 жылдың 15 сәуіріне дейін симпозиумға қатысып қатыспауы жайлы мәліметті электрондық адресі бойынша жіберуі немесе +7 727 379 7894 хабарласуы тиіс.   

Құжаттар жиынтығы төмендегілерден тұрады:

  • конференцияға қатысу үшін тіркеу формасы (форма қосымша берілген);
  • төменде берілген талаптарға сәйкес ресімделген мақала тезисі (көлемі 5-12 бет арасы);
  • ұйымдастыру жарнасының төленгенін растайтын түбіртек (құжат сканерленіп pdf  форматында электрондық поштамен жіберіледі).

Ұйымдастыру жарнасы

        Симпозиум жұмысына қатысу үшін қатысушы ұйымдастыру жарнасын төлеуі тиіс. Ұйымдастыру жарнасына симпозиум материалдарын басып шығару құны кіреді. Ұйымдастыру жарнасының (жинақтың бір данасының) сомасы 3000 (үш мың) теңгені құрайды.     

        Баяндама тезистері ғылыми жинақ түрінде басылып шығады. Симпозиумға келіп-кету шығындары қатысушы есебінен болады.

Симпозиум жұмысына қатысу төлемі үшін реквизиттер

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

ҚР Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 168

СТН 600700191727

ЖСК KZ118851002146703400

АҚ ДБ “Казакстан Зираат Интернешнл Банк”

БИК KZIBKZKA

БИН 990640002245

 

Аудару кезінде «конференция үшін» белгісін қойып, тегін және өз аты мен әкесінің атының бірінші әріптерін жазу қажет. Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің магистранттары және профессор-оқытушылар құрамы үшін симпозиум жинағына мақала беру жарнасы 2500 (екі мың бес жүз) тенге.

Симпозиумға қатысушылар үшін көрсетілетін қызмет:

  • Қазақстан Республикасының Алматы қаласынан тыс аймақтардан келетін қатысушалар үшін симпозиумның өткізілуі мерзімі ішінде университет жатақханасында қонақтану және 3 мезгілдік ас тегін беріледі, жұмсалған жол ақысы қатысушы есебінен болып табылады.
  • Қырғызстан Республикасынан болатын қатысушылар үшін симпозиумның өткізілуі мерзімі ішінде университет жатақханасында қонақтану және 3 мезгілдік ас тегін беріледі, жұмсалған жол ақысы университет тарапынан келесі шарт негізінде қамтамасыз етіледі: келу көлігі автобус болып, қажетті билеттер ұсынылған жағдайда.
  • Өзбекстан Республикасынан болатын қатысушылар үшін симпозиумның өткізілуі мерзімі ішінде университет жатақханасында қонақтану және 3 мезгілдік ас тегін беріледі, жұмсалған жол ақысы университет тарапынан келесі шарт негізінде қамтамасыз етіледі: келу көлігі темір жол көлігі болып, қажетті билеттер ұсынылған жағдайда.

Баяндама тезистерін ресімдеуге қойылатын талаптар

Жарияланатын жұмыс мұқият редакциялануы керек. Мәтін түпнұсқасы (А-4 форматында 5 – 12 беттен артық емес) компьютерде Word мәтіндік редакторында 1 аралық интервалы арқылы,  Timеs New Roman,  KZ Timеs New Roman шрифтінде (кегль – 14, түсі – қара, абзац (азат жол) – 1 см, жол жиектері: жоғарғы – 2,0; төменгі – 2,0; сол жағы – 3,0; оң жағы – 2,0) теріліп, жол ені бойынша тегістеліп,  міндетті түрде автоматты тасымалдау тәртібіне қойылуы тиіс. Тақырып атауының соңына нүкте қойылмайды.

Бірінші жолдың ортасында – баяндама тезисінің атауы бас әріптермен қалың шрифтпен жазылады. Интервалдан кейін жол жиегінің оң жағында – автордың (екінші автордың) тегі және өз аты мен әкесінің атының бірінші әріптері (студент, магистранттар үшін мамандығы және курсы) курсивпен, 1 интервал төменірек оқу орнының атауы (курсивпен) теріледі. Негізгі мәтін 2 интервалдан кейін азат жолдан басталады. Баяндама тезистері электрондық поштамен жіберіледі. 

Бір баяндама авторларының саны төрт адамнан аспауы тиіс.

Баяндама мәтіні түпнұсқа болып табылады және редакцияланбайды.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін немесе көрсетілген мерзімнен кейін (2013 жылғы 5 мамыр) жіберілген тезистерді қабылдамауға құқылы.

Конференцияның өткізілу орны: Қазақстан Республикасы,          Алматы қ., Қазыбек көш. 168, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті.

Жауапты хатшы: Майлықараева Ақшолпан Исахановна.

Магистранттар үшін: Сыбаева Талшын Амантаевна.

Тел.: +7 (727) 379 78 94, +7 (727) 379 78 96                                                                                                                                                                                                                                                                  ҚОСЫМША

Тіркеу формасы

Тегі, аты, әкесінің аты

 

ЖОО атауы

 

Мамандығы, курсы

 

Мекенжай

 

E-mail

 

Байланыс телефонының номері

 

Ғылыми бағыт атауы

 

Баяндама атауы

 

 

 

Нравится Tweet